Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Ұлыбританияда енді әйелдер футболына трансгендерлер қатыса алмайды

Фото: Pixabay.com

1 маусымнан бастап Англияда трансгендерлерге әйелдер арасындағы футбол жарыстарына қатысуға тыйым салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ұлыбританияның Жоғарғы соты әйел деп атану оның биологиялық жынысына негізделеді деген шешімге келді. Қауымдастықтың жаңа ережесіне сәйкес, турнирлерге тек биологиялық әйелдер қатыса алады.

"Біз бұл ойнағысы келетін адамдар үшін қиын болатынын түсінеміз. Біз қазір ойнайтын тіркелген трансгендер әйелдерге өзгерістерді және олардың ойынға қалай қатысуға болатынын түсіндіру үшін хабарласып жатырмыз", – деді қауымдастық.


"Спортзалдағы әйелдер киім ауыстыратын жерге кірді": Қазақстандық трансгендер Ника Неттің басы дауға қалды


Екі баланың әкесі: Италиялық трансгендер әйелдер арасында жүгіруден Паралимпиадаға қатысқан


Шотландиялық футбол қауымдастығы ағылшын қауымдастығынан үлгі алып, трансгендерлерді қоспауды жоспарлап отыр.

Ағылшын футбол қауымдастығының мәліметі бойынша, елде әуесқой футболшылар арасында 20 трансгендер әйел тіркелген, ал Ұлыбританияда кәсіби футболда тіркелген трансгендерлер жоқ.

Еске салсақ, Трамп трансгендер спортшыларға әйелдер жарыстарына қатысуға тыйым салған еді. 

Қырмызы Скендирова
Жұма, 02 Мамыр, 2025 08:40
Талқылау