Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Ұлыбритания Украина үшін Ресейге қысымды күшейтуге шақырды

Фото: Х.com/JohnHealey_MP

Ұлыбританияның қорғаныс министрі Джон Хили Владимир Путинді Ресейге қарсы қосымша санкциялар енгізу арқылы келіссөз үстеліне отыруға мәжбүрлеу керек деп санайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Джон Хили 15 мамыр күні Берлинде Германияның қорғаныс министрі Борис Писториуспен бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

“Біз әрекет етуіміз керек, Путинді келіссөздерге мәжбүр ету үшін оған қысым жасау керек”, – деді Джон Хили.

Ол Ресей мен Украина делегацияларының Түркияда кездесетіні туралы ақпарат тараған соң бүкіл әлемнің назары Ыстамбұлға ауғанын атап өтті.

“Бұл күні Путин әшкере болады. Путин бейбітшілікті қалайтынын айтады, бірақ ол атысты тоқтатудан бас тартты. Ол келіссөз жүргізгісі келетінін айтады, бірақ өзі ұсынған конференцияға келмеді. Ол соғысты ертең-ақ тоқтата алады", – деді министр.

Германияның қорғаныс министрі Борис Писториус та Украинадағы соғысты тоқтату Путиннің қолында екенін айтып, пікір білдірді.

“Ол Ыстамбұлға барып келіссөздерді бастап, жүргізу керек еді. Сондай-ақ атысты тоқтату туралы бұйрық бере алар еді. Бірақ мұның бірі де болған жоқ. Ол Америка президентін “цирктағыдай алдауға тырысып жүргендей”. Бірақ бұл Дональд Трампқа ұнамауы мүмкін”, – деді Писториус.


Трамп Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер үшін Түркияға бармайтын болды


"Путинді қуалап әлемді аралап жүре алмаймыз": Зеленский Ыстамбұлда өтетін келіссөздерге қатысудан бас тартты


Ол “бұл жағдай АҚШ әкімшілігінің Мәскеуге қатысты ұстанған бағытына өзгерістер әкелуі мүмкін” деген болжам жасады.

Еске салайық, Путиннің өзі Киевке тікелей келіссөздерге қайта оралуды ұсынып, келіссөздерді 15 мамырда Ыстамбұлда "алдын ала шарттарсыз" қайта бастауға болатынын айтқан еді.

Айым Болатқызы
Жұма, 16 Мамыр, 2025 08:59
Талқылау