Ұлыбритания коронавирустан көз жұмғандардың саны жөнінен Еуропа мемлекеттерін басып озды
Ұлыбритания коронавирустан көз жұмғандардың саны жөнінен Еуропаның басқа мемлекеттерінен асып түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңда Ұлыбританияда 32,3 мың адам індеттен көз жұмған. Бұл мемлекет Өлім деңгейі бойынша жақында ғана коронавирус ахуалы өршігіп кеткен Италияны (29 мың адам көз жұмған) басып озыпты.
Ұлыбританияның ұлттық статистика қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, науқастардың көбі (19,6 мың) ауруханада ажал құшқан. Тағы 5,9 мың тұрғын интернаттар мен қарттар үйінде аурудан көз жұмса, 1,3 мың адам өздерінің үйінде, 301 азамат хоспистерде бақилық болыпты.
Бұған дейін Ұлыбританияның денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі індеттен көз жұмғандардың жалпы санын ғана жариялапты.
Қазақстандағы соңғы мәліметтерге сәйкес, 4205 адам инфекция жұқтырған. Олардың 1279 аурудан емделсе, тағы 29-ы көз жұмды.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”