Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлыбритания елшісі орынсыз әзілі үшін жұмыстан қуылды

Ұлыбританияның Мексикадағы елшісі Джон Бенджамин желіде елшілік қызметкеріне пулемет меңзеп әзілдеген видеосынан кейін қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот

Желіде Джон Бенджаминнің қаруды ер адамға меңзеген видеосы тарады.

"Мексикадағы есірткі саудагерлерінің күнделікті адам өлтіретінін меңзеп, соған қатысты әзілдеуге батылы барып тұр", – делінген жазбада.

Оқиға сәуірде Дуранго және Синалоа штаттарына ресми сапары кезінде орын алған екен. Осыдан соң ол қызметінен босатылды.

"Біз бұл оқиғадан хабардармыз және тиісті шара қолдандық", - деді Ұлыбритания сыртқы істер министрлігінің өкілі.

Бенджамин 2021-2024 жылдар аралығында Мексикадағы Ұлыбритания елшісі болған.

Талқылау