Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ұлы жүздің моңғолдармен байланысы бар”: Ғалымдар қазақтардың шығу тегіне қатысты құпияны ашты

Халықаралық ғалымдар тобы қазақ үйсіндері мен скиф үйсіндері сияқты ежелгі тайпалық топтардың шығу тегін анықтайтын генетикалық зерттеу жүргізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Оffside.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Ашық дерккөз

"Оңтүстік Қазақстандағы Y-хромосомаларындағы ортағасырлық моңғол тектері" деп аталатын зерттеуде 490 оңтүстік қазақтардың Y хромосомаларына талдау жасалып, олардың ежелгі моңғол тайпаларымен генетикалық байланысы анықталды.

Зерттеу нәтижелері Ұлы жүздің қазіргі үйсіндерінің көпшілігінде бұрын нируун моңғолдарымен байланысқан С2-СТ гаплогруппасының жиілігі жоғары екенін көрсетті. "Жұлдыз шоғыры" деген атпен белгілі бұл гаплотоп Моңғол империясы кезінде кең таралған және үйсіндердің арғы атасы саналатын Майқа бидің тұсына сәйкес келеді.

Үйсіндердің шығу тегі туралы бірнеше нұсқа бар. Біріншісі нұсқа бойынша, олар Тарым өзенінің маңында өмір сүрген және иран немесе тохар тамыры болған ежелгі үйсіндерден шыққан. Екінші нұсқада Моңғолидармен байланыстырады. Үйсіндерді Дарлиган моңғолдарынан немесе Нируун моңғолдарынан тарайды деп мәлімдейді. Генетикалық деректер екінші нұсқаны растайды. Бұл үйсіндер мен нируун-моңғолдар арасындағы байланысты көрсетеді, олардың арасында ең көп таралған гаплогруппа С2-СТ.

Оңтүстік Қазақстаннан алынған 490 үлгіні және азаматтық жобалардан алынған 133 генетикалық мәліметтерді филогенетикалық талдау үйсін тайпасының көпшілігінің генетикалық тамыры ортақ екенін көрсетті. Бұл гаплотоптың ішінде 13-14 ғасырларда қалыптасқан, Моңғол империясы мен Майқа би дәуіріне сәйкес келетін үш шоғыр анықталған.

Сондай-ақ Нируун-моңғол көші-қонының Ұлы жүз тайпаларының У-хромосомалық тегінің қалыптасуына елеулі үлес қосқаны анықталды. Тарихи деректерде Алтын Орданың батыс аймақтарының көсемі Майқы бидің үйсіндерді басқарғанын, ал оның ұрпақтары Кіші жүздегі қазақ руларының негізін қалағанын көрсетеді.


"Қанды бұзбас үшін туыс арасында некелеседі": Пәкістандағы қазақтардың жағдайы мен өмір тіршілігі қандай


Орталық Қазақстандағы Қарасауыр сияқты қорымдардағы көне ДНҚ деректерін салыстыру ортағасырлық Моңғол империясы өкілдерінің арасында ұқсас генетикалық белгілерді анықтады. С2-СТ гаплогруппасының ең көне үлгісі 13 ғасырға жататын Жошы Ұлысының жерлеуінен табылды, бұл үйсіндердің сол кездегі моңғол тайпаларымен тікелей байланысын көрсетеді.

Бұл ретте Жетісудағы Түрген қорымынан алынған үйсін мәдениетінің үлгісі ирандық тамыры бар R1a1a-Z93 гаплогруппасына жатады. Үйсіндер арасында 6% жағдайда ғана кездеседі, бұл қазақ үйсіндері мен ежелгі үйсіндердің шығу тегінің әртүрлі екенін растайды.

Зерттеу үйсін генофондының қалыптасуында С2-СТ гаплогруппасының маңызды рөл атқарғанын көрсетті. Оның Моңғол империясы кезінде таралуы бұл тайпаның шығу тегі туралы көші-қон теориясын растайды.

Генетикалық деректер Ұлы жүздің ірі тайпалық топтарының бірі үйсіндердің 13 ғасырдағы моңғол тайпаларымен байланысты екенін көрсетеді. Зерттеу шамамен 700-800 жыл бұрын өмір сүрген үш негізгі ата-бабаның болғанын көрсетеді. Осылайша, Y-хромосома деректері Оңтүстік Қазақстандағы қазақ руларының шығу тегін анықтауға және олардың моңғол тамырларын растауға мүмкіндік береді.

Үйсін – Ұлы жүздің ең ірі тайпасы, ол ноғайлар, өзбектер және басқа түркі халықтарының арасында да кездеседі.

Еске салсақ, осыған дейін генетик халқымызды неліктен таза азиялық типке жатқызуға болмайтынын айтқан еді.

Талқылау