Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Моңғолияда 60 тонналық газ таситын көлік жарылды: Жалын бірнеше көлік пен көпқабатты үйді шарпыған

Моңғолия астанасында 60 тонна газ жарылып,жақын маңдағы сауда орны, бірнеше ғимарат пен көлік өртенді. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: видеодан скриншот

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қаза болғандар бар, бірақ олардың нақты саны белгісіз. Кейбірі жарылыс 24 адамның өмірін қиғанын жазып жатыр. News.mn дерегінше, алты адам мерт болып, ондаған тұрғын жараланған. 

Басылым жүк көлігінің жарылуына тайғақ жол себеп болғанын айтады. Құтқарушылар апат маңындағы үй тұрғындарын эвакуациялап жатыр. 

Мамандардың сөзінше, жедел көмек қызметінің үш қызметкері және тағы екі адам мерт болды. 20-дан астам автокөлік жанып кетті. 

Жүк көлігі жарылыстан соң 30-40 метрге ұшып кеткен. Газ таситын көліктің жүргізушісі оқиғаға басқа автокөлікпен соғысу себеп болуы мүмкін екенін атап өтті. 

Бұған дейін кеше кешке Астанадағы теміржол вокзалына жақын жерде ірі өрт тұтанғанын жаздық.

Талқылау