Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұл тумадым": Сара Тоқтамысова қызының туған күнін дүркіретіп атап өтті

Айтыскер ақын Сара Тоқтамысова бас қаланың ең қымбат мейрамханаларының бірінде қызының 1 жасқа толған тойын дүркіретіп атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

фото: https://www.instagram.com/sarkanai/

Өнер иесі қызына Сүйкімді деген ат қойған еді.

“Аллаға сансыз мадақ! Алла ұлық! Жолдасым екеуміз Меккеге барып, Қағбаны айналып, алақанымызды жайып Алладан тілеп алған қызымыз ғой. Бүгін қызығын жақындарымызға бөлісіп жатырмыз. Отбасы деген қара орманда түрлі-түрлі сүрлеулі жолдар бар. Сол жолдарды жұбайлар қол ұстасып бір-біріне қолдау болып жүре алса ғана адаспайды. Жемісін жей алады. Жолдасымыз екеуміздің де жолымыз түп-түзу даңғыл болған жоқ. Түрлі қиындықты да, сынақты да көрдік. Әлхамдулиллә, береке-бірліктің арқасында осы күнге жетіп отырмыз”, – деп қуанышын жасырмады ақын.

Сонымен қатар айтыскер ақын ұл мен қызды бөліп, “ұл керек”, “қыз жақсы” дейтіндерді сынап тастады. 
“Бір нәрсені ескерткім келеді. “ұл тумадым” немесе “қыз тумадым”, “төрт қыз боп кетті” немесе “бес ұл боп кетті” “бала тумай жатырмын” деген күпіршіліктен аулақ болайық. Біз үшін ненің және қашан қайырлы болатынын Алладан артық ешкім білмейді. Алланың бергеніне шүкірлік ете білейік! Тек Алладан ғана тілейік”, – деп кеңес айтты өнер иесі. 

Айта кетейік, Сүйкімді есімді бүлдіршіннің тұсауын әнші Бейбіт Сейдуалиева кескен. 

Гүлдана Нұрлыханова
Дүйсенбі, 15 Қаңтар, 2024 08:43
Талқылау