"Ұл тап": KeshYou тобының экс-солисі тұрмысқа шықпақ
KeshYou тобының экс-солисі тұрмысқа шықпақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Экс-жаңғақты ару Балжан Бидаш үйлену тойына дайындық бастап кеткен. Ол әлеуметтік желідегі парақшасына той көйлегімен түскен суретін жүктеп, жақын арада жақсы жаңалық болатынын айтқан болатын.
"Жақында. Халқыма мың сәлем салдым", - деп жазды әнші.
Өнер иесі тек той көйлегімен емес, ұзату көйлегімен сәлем салып тұрған суретін де желіге жариялаған. Жұрт сәукеле киіп, ақ жамылған Балжан Бидаштың бұл суретін беташар рәсімін орындау кезінде деп түсінген. Олар аруға пікірлерін айтып, ақ тілектерін жаудырды.
"Ботам, шынымен тұрмыс құрғалы жатырсыз ба?", "Құтты болсын", "Бағың ашылсын", "Ұл тап", "Бақытты бол", "Күлкіңіз ерекше болып тұр", "Біз үшін әлі кішкентай ғана тәтті қызсың", "Ата-енеңізге сәлем салатын күнге жетіңіз", - десті жұрт.
Талқылау