Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰҚШҰ егер Еуропа елдері Украинаға әскер кіргізген жағдайда не болатынын айтты

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) Еуропа елдерінің әскери контингенттерін Украина аумағына енгізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: odkb-csto.org

ҰҚШҰ баспасөз хатшысы Наталья Харитонованың айтуынша, Еуропа елдерінің әскери контингенттерін Украинаға енгізу жағдайында "аймақта жаңа қауіпсіздік тәуекелдері пайда болады". 

“Бұл жағдай ұйымның мүше-мемлекеттері мен ұйымды алаңдатпай қоймайды. Ұйым қажетті көмек сұраған мемлекетке әртүрлі көмек көрсету мүмкіндіктерін ұсынуға дайын. Алайда барлығы ҰҚШҰ жарғылық құжаттарына және ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешімдеріне толық сәйкес келуі қажет", – дейді ұйымның баспасөз хатшысы. 

Айта кетейік, бұған дейін Францияның қаржы министрі Эрик Ломбар Bloomberg басылымына берген сұхбатында Франция, Ұлыбритания және басқа да еуропалық елдер Украинадағы атысты тоқтату режимін қамтамасыз ету үшін әскер жіберуге дайын екенін мәлімдеген еді.

Британдық Telegraph басылымы Лондон мен Париждің бірлескен бітімгершілік күштерін жіберу жоспарын әзірлегенін хабарлады, оған сәйкес Украинаға кемінде 30 мың әскер жіберілмек. 

Талқылау