ҰҚК Тараздағы атыс туралы видеоға түсініктеме берді
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан қарулы адамдардың атысы туралы бейнекадрлар биылғы қаңтардың 5-інен 6-сына қараған түні Тараз қаласында орын алған. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ведомствоның жазуына қарағанда, онда саны 350-ге дейінгі топ атыс қаруын қолданып, ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментін басып алғысы келген.
"Қорғаныс барысында атыс жарақатынан департаменттің терроризмге қарсы күрес орталығының бөлім бастығы подполковник Дастан Әділбай қаза тапты. Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бір күн бұрын ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Instagram парақшасында атыс болған кездегі видеоны жариялаған болатын.
"Қанды қаңтар. Бұл ҰҚК ғимаратын басып алған сәт дейді", - деп қол қойды блогер басылымға.
Қаңтар айының ортасында Тараздағы тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан ресейлік әйелдің өмірінің соңғы сағаттары түсірілген видео жарияланды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”