AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰҚК-нің бұрынғы қызметкерлері Қаменев пен Решетниковтың депуттаттық өкілеттіктері тоқтатылды

Мәжіліс депутаттары Файзолла Қаменев, Сергей Решетников және Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаевтың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов депутаттардың өздері өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш бергендерін айтты. 

"ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға заңнамаға сәйкес олардың өтініш беруіне байланысты өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шеші үшін ұсыным енгізіп отыр", – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.

Жалпы отырыста палата депутаттары аталған ұсынымға дауыс беріп, депутаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды. 

Сергей Решетников 1974 жылы 29 наурызда туған. Арнайы әскери атағы бар – Қазақстан ұлттық қауіпсіздік органдарының запастағы подполковнигі. 1999-2016 жылдар аралығында ҰҚК-нің "Арыстан" бөлімшесінде қызмет еткен, "Альфа-А" терроризмге қарсы ардагерлер одағының негізін қалаған.

Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды.

Файзолла Қаменов 1960 жылы 30 қыркүйекте Ақмола облысының Қорғалжын ауылында дүниеге келген.

Әр жылдары ішкі істер министрлігінің түрлі құрылымдарында қызмет атқарған, сонымен қатар ҰҚК-де жедел және басшылық қызметтерде болған.

2013-2014 жылдары Қазақстанның ҰҚК "Арыстан" қызметін басқарды.

2017 - 2019 жылдары "Қазақстан Ғарыш сапары" ҰК" АҚ күзет қызметінің бастығы.

Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды.

Екі депутат та "Қазақстан халық партиясының" мүшесі.

Бұнымен қатар мәжіліске ОСК мүшесі Ерлан Дауылбаевтың өз еркімен өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініші келіп түсті. 

“Дауылбаев Ерлан Сламханұлы 2020 жылғы 15 қаңтарда қызметке тағайындалған. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 6-бабының 1-тармақшасына, 19-бабының 6-тармағына сәйкес ОСК мүшесі өз қалауы бойынша міндеттерден босату туралы өтініш беруіне байланысты өз міндеттерінен босатылады", – деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, депутат Арман Қожахметов.

Депутаттар Ерлан Дауылбаевтың өкілеттігін тоқтатуға дауыс берді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр