Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сен ешкімге керек емессің!": Күйеуі 15 жасында тұрмысқа шыққан әйелінің мұрны мен қабырғасын сындырып жіберген

Алматы қаласындағы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының» мәдени іс-шара ұйымдастырушысы Әсем Бижанмен қазақстандық әйелдердің басынан өтіп жатқан қайғылы оқиғаларын бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Замана» басылымына сілтеме жасап. 

әйел

«Әйгерім атты келіншектің анасы ол үш жасқа келген кезде қайтыс болады. Алты айдан соң әкесі екінші әйел алады. Бірақ өгей анасы оны керек етпейді, ақыры 15 жасында өзінен 15 жас үлкен жігітке тұрмысқа шығып кетеді. Әйгерім жолдасымен де бақытты болмаған. Ол үйде тек малға қарап, үй шаруасын атқаратын қызметші есебінде жүреді. Сәл қателігі үшін күйеуі оны ұрып-соғып, қатты жазалайтын болған.

Сөйтіп жүріп 3 бала туады. Сол уақыт аралығында оның мұрны да, қабырғасы да сынған, басынан жарақаттар алған. Жолдасы Әйгерімге: «Сен ешкімге керек емессің! Қалаға барсаң, әлдебіреулер сені құлдыққа сатып, зорлап кетеді», –  деп сендіріп отырған. Осылайша сол үйде 16 жыл өмірі өткен», - деді Әсем Бижан. 

Кезекті бір қатты соққыдан соң Әйгерім балаларын алып кетіп қалған. Бір адамдардан біз туралы естіп, осында келген соң  ақырындап аяққа тұра бастады.

«Бүгінде біздің орталық қыз-келіншектердің өмірлерін жақсы жағына қарай өзгертуге, жағымды жаңалықтар енгізуге барынша күш салып отыр», – дейді Әсем.

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық ер адамның жұмыссыз қалған соң, әйелін соққыға жығып, ішіндегі баласын түсіріп тастағаны туралы хабарлаған едік. 

STAN.KZ
Сенбі, 07 Желтоқсан, 2019 13:35
Талқылау