Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰҚК Атырау облысында колония басшысы мен есепшісін ұстады

ҰҚК Атырау облысы колониясының басшысы мен есепшісін ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Комитет баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау облысының прокуратурасымен бірлескен тексеру нәтижесінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті УГ-157 түзету мекемесінің бастығына қатысты ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі, 1, 2, 4-тармақтарына («Пара алу») сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Атырау облысы бойынша ДББЖ және бас бухгалтер қоластындағылардан бірнеше рет сыйлықтар мен 2019 жылы көтермелеу төлемдерін алу фактілері бойынша тергелуде.

Атырау мамандандырылған тергеу соты қамауға алынған адамдарға қатысты «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Дәлелдемелер базасын шоғырландыру бойынша тергеу шаралары жалғасуда, деп атап өтті баспасөз қызметі.

STAN.KZ
Бейсенбі, 13 Ақпан, 2020 13:30
Талқылау