ҰҚК қызметкері сотталған трансгендер әйелді зорлады деген күдікпен тұтқындалды
Трансгендер әйелді зорлады деп күдіктелген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері тұтқындалды. Бұл туралы жәбірленушінің қорғаушысы мәлімдеді. Айман Омарованың сөзінше, іс бойынша бірнеше сараптама жасалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

«ҰҚК-ның Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкері тұтқындалды. Бірінші сатылы сот қамауды ұстау түрінде санкция берді. Ол сотталушы Виктория Берікқожаеваға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасады деп күдіктеліп отыр», - дейді Аймано Омарова.
Қорғаушының сөзінше, сараптама қорытындысы трансгендер мен ҰҚК қызметкерінің арасында интимдік жақындық болғанын растаған.
Қазіргі уақытта аталған іс бойынша тергеу жалғасуда. Оның мән-жайы әзірге жарияланбай отыр.
Еске сала кетсек, осыдан үш ай бұрын Виктория Берікқожаева түрмеде зорланғанын айтқан еді. Оның сөзінше, өзін ҰҚК қызметкері зорлаған. Трансгендер түрмеге екі жыл бұрын жабылған еді. Ол бопсалаушылық үшін сотталған. Қазіргі уақытта ол жазасын өтеп жатыр.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі