Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰҚК Қазақстандағы ауқымды қолма-қол ақша желісі жайында хабарлады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз қолма-қол ақша желісінің жолы кесілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“2022 жылғы шілде айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпкерлік субьектілеріне заңсыз жолмен 135 миллиард теңге сомасындағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және салық төлеуден жалтаруға ұзақ уақыт бойы көмектесіп келген адамдарға қатысты ауқымды қылмыстық істі тергеуді аяқтады”, – делінген хабарламада. 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, заңға қайшы іс-әрекетке 300 адам, оның ішінде шетелдік азаматтар да бар және 500 жуық жалған компаниялар мен 5 мың контрагенттер тартылған болып шықты.

5 желтоқсанда Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты осы іске қатысы бар 20 фигурантты ҚР ҚК 216-бабы 3-тармағы және 28-245-бабы 3-тармағы бойынша кінәлі деп танып, әр-түрлі жаза мерзімдеріне соттады.     

“Осы қылмысты тергеудің тәжірибесі Қазақстан Республикасындағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың алгоритмін жасап шығаруға мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қолданған шаралар оң әсер етіп, еліміздегі қаржыны заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру деңгейін төмендетуге жағдай жасады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда”, – делінген ҰҚК мәлімдемесінде. 

 

Талқылау