Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰҚК Қазақстанда арнайы операция өткізіп, 30 адамды ұстады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Батыс Қазақстан облысында 4 тоннадан астам марихуананы заңсыз пайдаланған 31 адамды ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ҰҚК баспасөз қызметінің ақпаратынша, Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер министрлігінің арнайы мақсаттағы күштерін тарта отырып, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында құрамында есірткі бар өсімдіктер өсіруді ұйымдастырған қылмыстық топтың жолын кесті.

Арнайы операция кезінде үш плантацияда 31 адам ұсталды. Оның 17-сі шетелдік, сондай-ақ есірткі тобын ұйымдастырушы да қолға түсті.

Заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам марихуана, 7 атыс қаруы мен оқ-дәрі тәркіленді. Тінту барысында браконьерлік жолмен алынған ақбөкен мүйіздері мен бекіре тұқымдас балықтар табылды.

Ведомство фигуранттардың есірткі қылмысына қатысын растайтын бұлтартпас айғақтарға қол жеткізілгенін атап өтті.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 25 Тамыз, 2021 16:26
Талқылау