Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰҚК қауіпсіздік сертификатын тексеру жұмыстары аяқталғанын мәлімдеді, оны өшіруге болады

Ұялы телефондар мен компьютерлерге орнатылатын қауіпсіздік сертификатын тексеру жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

 Хакерлік шабуылды болдырмау үшін қазақстандықтардан смартфонға арнайы сертификат орнатуды сұрады

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті қауіпсіздік сертификатын тексеру жұмыстарын сәтті аяқтады. Ақпараттық және кибер кеңестікте кибершабуылдарды болдырмайтын жүйе ойлап табылды", — деп хабарлады басқармада. 

"Ақпараттық қауіпсіздіктің Ұлттық координациялық орталығы өткен айдың ішінде мемлекеттік органдар мен жекеменшік компанияларға қатысты 8 миллионнан асатын вирустық белсенділікті және 130 мың кибершабуылды анықтады. Мемлекеттік органдарға қатысты кибертыңшылық фактілері белгілі болды. Сондай-ақ қауіпсіздік сертификатын ендіруге қатысты туған проблемалық сұрақтар зерттелді. Оның ұялы телефон операторларының жұмысына тигізетін әсері анықталды. Алдағы уақытта қауіпсіздік сертификаты кибер және ақпаратты шабуылдар түріндегі қауіп төнген жағдайда қолданылатын болады. Ол туралы Қазақстан азаматтарына хабарлама беріледі", — деп ескерді ҰҚК қызметкерлері. 

"Тестілеудің жақсы нәтижелерін ескеріп, ҰҚК 7 тамызда оны тестілеу аяқталатынын хабарлайды. Алдағы уақытта ресми сайтта жекеменшік құрылғыдан қауіпсіздік сертификатын қалай өшіруге болатыны жайлы түсініктеме пайда болады. Қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңын сақтау керектігін, ел аумағында жекеменшік ақпараттың сақталу қажеттігін және құзырлы органдардың заңға қарсы ақпаратты өшіруі керектігін ескереді", — деді баспасөз қызметі.

Талқылау