ҰҚК шекарада ақша бопсалаған "Бейнеуліктер" ұйымдасқан тобының басшысы мен мүшелерін ұстады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекарада шетелдіктер мен жеке тасымалдаушылардан ақша бопсалаған "Бейнеуліктер" ұйымдасқан қылмыстық тобын ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұйымдасқан топты ұстау бойынша арнайы операция 11 қазанда Алматы, Ақтау, Маңғыстау облысының Бейнеу және Ақжігіт кентінде өткен.
"Топ мүшелері "Тәжен" өткізу пунктінде (Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Мемлекеттік шекара) шетелдіктер мен жеке тасымалдаушылардан жүйелі түрде ақша бопсалады және өзге де ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінген", – делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Арнайы операция барысында қылмыстық топ басшысы мен 5 белсенді мүшесі ұсталды. Ұсталғандарға қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы тағайындалды.
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады
Елена: "Қазақстанға қашан оралатынымыз белгісіз"
"Ауызашардамын" деп сурет салуға болмайды: Исламтанушы Рамазан айында неден тыйылу керегін айтты
Қанат Байбосынұлы: "Рамазан айында кедей кедейлігін, бай байлығын сезінбеуі керек"