ҰҚК арнайы операция жүргізді: 12 қазақстандық және 3 шетелдік қамауға алынды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен күрес бойынша жұмысты жалғастыруда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2025 жылдың қазанынан бастап ҰҚК есірткі саудасының жолын кесуге қатысты 10 операция жүргізді, нәтижесінде есірткіні жеткізудің 3 халықаралық және 3 аймақтық арнасы, сондай-ақ жасырын зертханасы мен есірткі плантациясы жойылды.
Заңсыз айналымнан 622 кг есірткі, соның ішінде психотроптық заттар, гашиш және марихуана тәркіленді.
Аталған құқық бұзушылықтарды жасады деген күдікпен соттың санкциясымен 12 Қазақстан азаматы мен 3 шетелдік қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан үкіметі қазақстандық кәсіпкерлерге берген уәдесін неге орындамады?
Кәсіпкерлер жаңа талаптарға байланысты наразылық білдіріп жатыр