“Эйр Астанаға” әуе билеті бағасын төмендетуді ұсынды
Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінде өткен отырыста «Эйр Астана» АҚ-на қатысты зерттеу қорытындысы талқыланды, еп хабарлайды Қазақпарат.
Комиссия құрамына монополияға қарсы орган қызметкерлерінен бөлек Ұлттық палата өкілдері, Азаматтық авиация комитеті, бәсекелестікті дамыту мен тауар нарығы ассоцияциясы, Бәсекелестік саясатты қорғау және дамыту орталығының өкілдері кірді.
Комиссия мүшелері 2017 жылғы жолаушылар әуе тасымалының қызметіне сараптама жасау жөніндегі өз ұсыныстарын айтты.
«Эйр Астана» әуекомпаниясы тұтынушылардың шағымы бойынша ішкі әуе тасымалы қызметінің бағасын төмендетеді және тұтынушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Осылайша компания клиенттері әуе билеті тарифтерінің қалай өзгеретінін, билет бағасын арзандатудың нендей нәтиже беретінін біле алады”, – делінген хабарламада.
Жіберіп алмаңыз:
Шешенстан президентінің балалары бапкеріне Porsche көлігін сыйлады (фото)
Астаналықтар тротуарға жүрек бейнесін салған адамды тапты