Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Эйр Астана” 2017 жылы билет бағасын арзандатады

ҚР ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Серік Жұманғарин “Эйр Астана” әуе компаниясына қатысты шешімге пікір білдірді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20161221124843

“Сіздер білесіздер, “Эйр Астанаға” қатысты жақында ғана зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде әуе компаниясы бір уақытта белгілі бір күндердегі сұранысқа сай өте төмен және өте жоғары бағаларды қабылдап отырған. Қазір компания “Свобода” тарифін қосып айтарлықтай жеңілдік жасап отыр. Келесі жылы ауызша куәландыру арқылы әуе компаниясы билеттер бағасын 10 пайызға арзандатады. Оның баға саясаты өзгеріске ұшырамақ. Өйткені нарықты үнемі жабық ұстап тұру мүмкін емес”, – деді комитет басшысы.

Серік Жұманғариннің сөзінше, Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу уақытында “ашық аспан” қағидасын жария етеді.

“Лоукостерлер пайда болып, нарыққа “Победа” шықты. Лоукостерлер сегментіне “Бэк Эйр” әуе компаниясы да кіреді. Біз бұл сегменттің дамуына ерекше үміт көзқарасымен қарап отырмыз”, – деді ол.

Оқи отырыңыз:

Алаяқтар WhatsApp арқылы ақша ұрлап жатыр

Қарағанды тұрғыны киімдерін аямай бүлдірген химиялық тазалау орталығындағы сұмдықты жариялады

Балқашта кішкентай қызын сатпақ болған безбүйрек ана жындыханаға жабылды

Алматылық бойжеткен өзін әлдекімнің өлтіріп кететінін айтып қорқытып жүргенін жеткізді

Талқылау