Эстрада жұлдыздары наурыз көже әзірлей ала ма?
Ұлыстың ұлы күні жақындаған сайын, әр әйел «Наурыз көже» дайындауды міндетім деп санайды. Ал елімізге танымал эстрада арулары жеті түрлі тағамнан жасалатын ұлттық асты әзірлей ала ма?
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Аша Матай:
“Наурыз көжені шынымды айтсам, өзім жасап көрмеппін. Дегенмен, екеуміздің анамыз жасайды. Екеуі де өте дәмді жасайды. Мен тек қана қастарында тұрамын”.
Айгүл Иманбаева:
“Шын айтайын, өзім жасап көрген жоқпын. Бірақ сол анамыздың көзінің тірісінде соны үйреніп, алып қалу керек қой”.
Айдана Меденова:
“Ғаламтордан да қарай салуға болады. Мен енді білмеген затымды әпкелерімнен сұраймын”.
Наурыз көженің сырын білмейтін әртістерге дизайнер Жадо көмекке келді.
“Наурыз мерекесі келіп жетті. Наурыз көжесін бастайық. Енді біз білеміз, бізде наурыз көжеде ең кемі 7-еу болуы керек тағамның. Соның бірі ет сүрленген, айран, тұз, қамыр, бидай, жүгері”, – деген Жадо азықтың бұл түрлерін бір жарым сағат қайнату керектігін айтты.
“Қыстан аман-есен шыққаннан кейін, бар жинағанымызды, қалғанымызды алып, наурыз мерекесінде бәріміз басымызды қосып, керемет көже жасап, ауызбіршілігімізді, қыстан аман-есен шыққанымызды көрісу бар дегендей, сол жаңағы наурыз көжемізді жасап, бірге қарсы алу”, – деп түйіндеді сөзін ол.
Жіберіп алмаңыз:
Ата-әжесі: Димаштың арқасында біз де “жұлдыз” болдық
Ернар Айдардың әкесі: Баламның атағы шыққан сайын қорқамын
Танымал журналист Қытай жобасының отандық арнадан көрсетілуіне қарсы шықты
Танымал тележүргізуші Баян мен Тұрсынғалиді “жыл жұбы” деп атады (видео)