Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жұлдыздар ұрық доноры болудан бас тартты

Бүгінгі таңда өздігінен бала таба алмайтын әйелдер қолдан ұрықтандыру әдісі арқылы ана атана алады. Ондай жағдайда ер адамның ұрығы мен аналық жұмыртқа жасушасы сыртқы ортада біріктіріліп, артынша ұрық әйелдің жатырына салынады. Мұндай тәсілмен ана бақытына бөленіп жатқандар қаншама.

эстрада жігіттері

Кейбіреулер бұл рәсімді отбасы ішінде өткізеді. Яғни бала сүйе алмай жүрген ерлі-зайыптылар арнайы мамандарға жүгініп, «балалы болу» операциясын жүзеге асырады. Ал жұбы жоқ, бірақ бала сүюді армандайтын әйелдер қайтпек? Олар үшін де бар мүмкіндік қарастырылған. Арнайы медициналық мекемеге барып, каталог бойынша болашақ баласының әкесін таңдайды. Ал олардың ана атауына септігін тигізетін ерлер бұл жақсылығы үшін ақшаға кенеледі. Осы орайда 31 арнаның тележүргізушісі Мұхит Сапарбаев эстрада жұлдыздарынан ақша үшін ұрықтарын өткізуге дайын не дайын емес екендерін сұрап білді.

Сауалнамаға қатысқан жұлдыздардың түгелі дерлік ондай қадамға ешқашан бармайтындарын жеткізді.

Өмірқұл Айниязов, Серікбол Сайлаубек, Ермек Меденов, Әбдіжаппар Әлқожа, Айдар Тұрғанбек, Өктем Алтаев сынды эстрада жұлдыздары бұған түбегейлі түрде қарсылық білдірді.

Десе де жұлдыздарды сынағысы келген тележүргізуші оларды мынадай сауалмен шошытты:

«Қазақстанның түкпір-түкпірінен 5 келіншек хабарласып, балаларының әкесін сіз деп атады. Оған не дейсіз?».

Өздеріне сенімді эстрада жігіттері бірауыздан: «Мүмкін емес», – деп жауап қатты. Соның дәлелі ретінде әншілер экранға алдында ДНҚ сараптамасын тапсырды.

Десе де, «ұрықты әр жерге шашпау керек» дейтін эстрада жұлдыздары, егер сараптама нәтижесі олардың шет жақта балаларының бар екенін дәлелдесе, жеткіншектерді өз аттарына жаздырып, алимент төлеуге дайын екендерін жеткізді. Соған қарағанда эстрадамыздың серілері өздеріне айтарлықтай сенімді емес секілді.

Естеріңізде болса, бұған дейін жұлдыздар ең алғаш қанша жаста сүйіскендерін айтқан еді.

Жіберіп алмаңыз: 

Мәдинаның кешінде ресейлік әнші қазақтың халық әнін орындады (видео)

Ұлттық нақыштағы бейнебаян. Динара Сұлтан халық әндерін насихаттауда (видео)

Мүгедек бала 91 тобына алаңдаймын деп ауырып қалған

Жұбайынан айырылған Абай Бегей жан-жарасы туралы айтып берді

Талқылау