Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық нақыштағы бейнебаян. Динара Сұлтан халық әндерін насихаттауда (видео)

Динара Сұлтан халық әні «Желкілдекті» заманауи үлгіде орындап, бейнебаян түсірді. Әркез тек сапалы бейнебаян түсіргенді ұнататын әнші бұл жолы да әдетінен таңбады, деп хабарлайды Stan.kz.

султан динара

Халық әні, домбыраның сыңғырлаған үні, ұлттық нақыштағы отандық дизайнерлер киімі, нағыз шығыс ханшайымының образы… Осының бәрі Динара Сұлтанның жаңа бейнебаянында!

«Мен үшін бұл тәжірибе (заманауи аранжировка, би, костюм) баяғы сол жастарға тарихымызды, салт-дәстүрімізді, халық әндерімізді ұмытпайық, сақтап, қолдайық деген мақсатпен жасалған дүние. Әрине, бес саусақ бірдей емес, бәріне бірдей ұнай бермейді, дегенмен, өсіп келе жатқан жастарымыз ескі халық әндерін біліп жүруі тиіс», – деп жазды Динара желідегі парақшасында.

14033723_271262763259748_483983994_n

Динараның тыңдармандары жаңа бейнебаянның сапасына қайран қалуда.

Төрт баланың анасы, кәсіби әнші Динара Сұлтан өнердегі жолын “Super Star” жобасынан бастаған. Халық әнін насихаттап, ұлттық өнердің дамуына өзіндік үлесін қосқан Динараға біздің де “бәрекелдіден” басқа айтарымыз жоқ.


Жіберіп алмаңыз: 

Тыңдаңыздар: Мәдина Сәдуақасова Мейрамбек Беспаевпен дуэт айтты (фото, видео)

Мүгедек бала 91 тобына алаңдаймын деп ауырып қалған

Аша Матай босануға қалай дайындалып жүргенін айтып берді (фото)

Жұбайынан айырылған Абай Бегей жан-жарасы туралы айтып берді

 

Талқылау