Әншілер Болмановтың қызына өз есімдерін беруді ұсынып таласуда
Жуырда ғана қызды болған Қыдырәлі күні кеше жұбайы Қарақат пен сәбиін перзентханадан шығарып алды. Бірақ, бұрымдының дүниеге келгеніне 5 күн өтсе де, жұлдызды жұп есім таңдап үлгермеген көрінеді. Ал, олардың қуанышына ортақ әріптестері ат қоюға асық.
Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.
Төрт ұлдан кейін, қызды болған Қыдырәлі мен Қарақаттың қуанышына өнердегі әріптестерімен қатар, ет-жақындары түгелдей дерлік жиналған. Көптен күткен кестетігерін перзентханадан шығарып алу рәсімінде Болманов еш нәрседен аянып қалмаған. Аяқ-қолын бауырына алған ана мен дүниеге келген қызғалдағына арнап ақ кілемше төсеп, әппақ раушан гүлдерімен құрмет көрсеткен. Бірақ, бір қызығы Болманов бұрымдысына есім қоймаған. Ал, әріптестері жаңа туған нәрестеге ат қоюға асық.
«Қыдырәлі мен Қарақат қыздарының атын «Ханшайым» деп қойғаны әдемі болатын сияқты. Себебі 4 батырдан кейін сондай ханшайым дүниеге келіп, өзі сол еркесі болады. Оның үстіне үйінің ханшайымы, үйінің еркесі, үйінің әдемісі деп», – дейді Мирастың Құралайы.
«Рабиға деген ат ұнайды маған. Робия дейді… Негізі Робия деген сөзден шыққан. Робия деген кезінде өте керемет, иманды, тақуа қыз өткен. Қазақтар соның есімін Рабиға деп кеткен», – дейді «Жігіттер» тобының әншісі Айдар Тұрғанбек.
Ал, өнер өлкесіндегі өзге өнерпаздар Қыдырәлінің қызына өз есімдерін қою туралы ұсыныстарын білдіріп жатыр.
«Шаһизада деп қойса жаман болмас еді деп айтар едім. Шаһизада деген негізі ескі есім екен. Менің естуімше «Шах», «Зада» деп естуімше Шах – патшаның қасындағы адамдар, Зада – көмекшілері емес, советник дейді ғой сондай мағынада», – дейді әнші ШаҺизада.
«Жазира да жақсы ат! Өйткені, Жазираның ішінде алма да бар, жүзім де бар, қарақатта бар. Кең дала, қызғалдақта бар, гүлде бар. Ауқымы кең менің атымның», – дейді Жанболаттың Жазирасы.
Бірақ, Болмановтың өз жоспары бар көрінеді. Қыдырәлі қызының есімін қырқынан шыққанға дейін құпия ұстауды жөн деп шешкен. Ал, сәбидің салмағы 2 килограм 820 граммды құраса, бойы 52 сантиметр!
Жіберіп алмаңыз:
Артық салмақтан арылған отандық жұлдыздар кімдер? (фото)
Қарақат: Өмірдегі ең бақытты сәтім – жарымның бақытты жүзін көру (видео)
Әбдірайымов әртістерді ақша жинап, Жаманқұловқа көмектесуге шақырды
Қыдырәлі әр баласын құшақтаған сайын Қарақатқа ессіз ғашық болатынын айтты