Йеменде балаларды зорлағандар мен өлтіргендерді көпшілік алдында өлім жазасына кесті
Хуситтік көтерілісшілер балаларды өлтірген үш ер адамды көпшілік алдында өлім жазасына кесті. Жаза Йеменде орындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сотталушыларды алаңның ортасындағы кілемдерге ішімен жатқызып, әрқайсысының арқасынан атты.
Мәйіттерді кілемге орап, содан кейін арнайы сөмкелерге салып, алып кетті. Бұл кезде әскерилер мен полициядан басқа куәгерлер болды, олардың көпшілігі оқиғаны телефонға түсіріп алды.
Өлім жазасына кесілгендердің бірі әйелімен ұрысқаннан кейін өз қыздарын суға батырғаны үшін кінәлі деп танылды, қалған екеуі 8 жасар баланы зорлап, өлтірген. Бұл хуситтер территориясындағы 2018 жылдан бергі көпшілік алдындағы алғашқы өлім. Ол кезде де балаларды өлтіріп, зорлаған үш ер адамды дарға асты.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”