Йемен әуежайында министрлер келген сәтте жарылыс болды
Сауд Арабиясынан ұшақпен үкіметтік делегация келген сәтте Оңтүстік Йемендегі Аден әуежайында қатты жарылыс болды. Соның салдарынан қаза тапқандар мен жаралылар бар.
Йемен әуежайындағы жарылыс туралы провинциядағы жергілікті ақпарат көзі хабарлады.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер бар, бірақ министрлер бұл кезде ұшақта болған, олар жарақат алған жоқ.
Барлық министрлер Адендегі үкімет сарайына жеткізілген.
Желтоқсан айында Сауд Арабиясында жүрген Йемен президенті Абду Раббу Мансур Хади 24 министрден тұратын жаңа үкімет тағайындағаны атап өтілді.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді