Элиталық секс-қуыршақтардың дайындалу процесі (фото)
АҚШ-тың Калфиорния штаты Сан-Маркос қаласындағы RealDoll компаниясының өндіріс цехындағы қызу жұмыс бір сәтке де тоқтаған емес. Мұнда әр клиенттің талғамына сай қуыршақтар әртүрлі әзірленеді.
Бұл туралы lifenews.ru сайты хабарлайды.
Мәселен, цехтан бір-бірінен аумайтын екі резеңке қызды таба алмайсыз. Тапсырысты алушылар да тұтынушының талғамына сай өнім жасап беруге міндетті.
Қолдан жасалынған мұндай қуыршақтардың бағасы 6500 доллардан басталады. Өндіру жұмысы барысында негізгі бейнені жинақтау, мүсін жасау, қолмен сырлап шығу, детальдық жұмыстарын атқару шаралары жасалынады.
Терінің, көздің, шаштың түсі де клиент айтқандай болуы керек. Сондай-ақ, егер ол адам келісім берсе, жақсы көрген адамыңызды 3D-сканерлеуден өткізіп, соның дәлме-дәл көшірмесін жасатуға да болады.
Қуыршақтарды дайындау процесі – ұзақ уақытқа созылады. Біреуінің тек бетін жасаудың өзіне бір апта уақыт жұмсалады екен. Мүсінге шыныпластик және резина мен силикон материалдары қолданылып, кейін қуыршаққа нағыз макияж жасалады.
1996 жылдан бері компания төрт мыңнан астам өнімдерін сатқан. Осы уақыт ішінде ақшыл түсті, көкшіл көзді “қыздар” көбірек сатылыпты. Бір қызығы клиенттердің көбісі салмағы 35-70 келі аралығындағы миниатюралық қуыршақтарға назар аударған.