Экстремал сегіз минутта Египеттегі пирамиданың 146 метрін бағындырды (видео)
Неміс экстремалы Андрей Цисильски ешқандай құрал-жабдықсыз Каирдегі атақты үш пирамиданың бірінің басына өрмелеген. Алайда қайта түсер жолында оны тәртіп сақшылары күтіп алыпты.
«Мен жоғарыға шығамын дегенше музыка тыңдап бардым. Бару жолыма сегіз минут уақыт кетті. Сосын барып, жан-жағыма жөндеп көз тастап назар аудардым. Сол кезде маған арабша айқайлап, жерге түс деп жатты», – дейді Андрей.
Пирамидаға шығар алдында оған жанындағылар, бұлайша өрмелеуінің заңсыз болып есептелетінін ескертіпті.
«Маған егер бұл әрекетке баратын болсаң, өз бостандығыңнан айрыласың дегендер болды. Алайда мен кереметтерге жетуді жақсы көремін. Әлемдегі танымал пирамиданың биігінен қарап тұру дегенің ғажап нәрсе ғой. Мен мұны ешқашан ұмытпаймын», – дейді жас альпинист.
Бұл оның алғашқы бағындырып отырған биіктігі емес. Осыған дейін Андрей Шанхайдағы 333 метрлік көпқабатты үйдің ең биік басына, Гонконгтағы 240 метрлік ғимараттың төбесіне көтерілген. Испанияның Коста-дель-Соль қаласындағы биік шатырға өрмелегені тағы бар.