Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЭКСПО: Туристерді қай елдің павильоны таңғалдырды? (фото)

ЭКСПО Астанаға келетін туристердің санын көбейтті. Бар болғаны үш күннің ішінде көрмені мыңдаған адам көріп үлгерген. Жүздеген мемлекет бір-бірінен асып түсуге тырысып жатыр. Бұл туралы КТК хабарлайды.

3-6-640x360

Фото: alau.kz

Яғни, ойлап тапқан соңғы технологияларын көрсетіп, кәдімгідей бәсекеге түсуде. Ал қалашықтың ауқымдылығы сонша барлық павильондарға бір күнде кіріп шығу мүмкін емес.

«Экспо» аумағынан кез-келген ұлттың адамын кездестіруге болады. Олар тек ғылыми жетістіктерімен мақтанып қоймай, дәл осылай өнерлерін де көрсетіп жүр. Ал, көрмеге келген туристер мен қонақтар қатысушы елдердің павильондарын аралалап, салыстыруға көшкен.

1-11

Жапония – мақтаулы павильондардың бірі. Мұнда қонақтар күн шығыс елінің баламалы энергиясымен таныса алады. Жалпы олардың табиғи байлығы болмаса да жеткен жетістігі таңдай қақтырарлық. Мәселен, бір тамшы мұнайы жоқ ел, қазір сутегімен жүретін көлікті көбейтіп жатыр.

“Су, күн, жел біздің басты ресурсымыз. Басқа байлығымыз жоқ. Бірақ, осы табиғатты кез-келген мақсатта пайдалануға болады. Біз мұны жетік меңгердік. Әрі мұнымен тоқтамаймыз”, – дейді Жапония павильонының комиссары Томияши Нокамуро.

4-4

Осы Жапония секілді жүздеген елдің павильоны қалашықта қаз-қатар орналасқан. Бірақ, қонақтарды көрменің басты ғимараты «Нұрлы әлем» көбірек қызықтырып отыр. Өйткені,мұнда ағылған жұрттың қарасы қалың.

Ел аузында «Сфера» деп аталып кеткен ғимараттың бірінші қабатында ұлттық павильон ал, жоғарыда «болашақ» музейі орналасқан. Барлығын бастан-аяқ аралап, көріп білу үшін 3-4 сағат уақыт қажет. Ал, «Экспо» қалашығымен толық танысуға бір тәуліктің өзі жеткіліксіз.

5-3

Сондықтан таңнан бері жүрген жұрт мынадай жылдам тамақтану орталықтарынан әлденіп алып, кейін «Нұрлы әлемге» барады. 8 қабаттан тұратын нысанға кірген бойда меймандар еліміздің салт-дәстүрінен бастап, ғылым, энергетика саласындағы жеткен жетістіктерімен таныса алады. Әрі осында «Астананың болашағы» атты композиция бар. Яғни, мұнда 2050 жылғы Елорданың келбеті көрсетілген.

8-3

«Қазақстан» павильоны орналасқан шар іспетті ғимарат өте керемет екен. Маған қатты ұнады. Жалпы, көрме мен ойлағаннан әлдеқайда жоғары деңгейде өтуде”, – дейді турист Чун Шин.

16-2

Шетелдіктерді таңғалдырған «Экспо» көрмесіне екі күннің ішінде ондаған мың адам келіп үлгерген. Бір жарым миллионға жуық билет сатылыпты. Ал, халықаралық маңызды шарада болатын түрлі қызықтар әлі алда дейді ұйымдастырушылар.

Оқи отырыңыз:

Алматыда автобус апатынан жапа шеккендерге көмек көрсетілмей жатыр

Былықтың беті ашылды: «Самұрық-Қазынада» тендердің бәрін жалғыз кәсіпкер ұтып отырған

Алматыда танымал кәсіпкердің ұсталуына қатысты жаңа деректер шықты

Тек нан жеп, су ішем: ОҚО-да оқушы қыз өгей анасының ұратынын айтты

Талқылау