ЭКСПО қонағымен құшақтасқан Мәдина Сәдуақасова жұрттан ұрыс естіді (видео)
Мәдина Сәдуақасова ЭКСПО көрмесінің қонағымен құшақтасып, жұрттың талқысына түсті.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Шетелдік азаматпен видео түсірген әнші желідегі оқырмандарына сәлем жолдады. Алайда желідегілерге Мәдинаның қасында тұрған шетелдік азаматтың жартылай жалаңаш жүргені ұнамай қалды. Әрі көпшілік онымен құшақтасып тұрған Сәдуақасованы сынап тастады.
“Қалай құшақтасып тұрсыз? Жартылай жалаңаш қой мына кісі”, “Қадірлі қонақ па жалаңаш? Осы күйлерімен жиналысқа да кіргізген, масқара, қайда барамыз”, “Ұят қайда Мадина, жалаңаш бөтен еркекті құшақтап”, “Кез-келген жартылай жалаңаш еркекті мейлі шетелдік екен деп құшақтай салу қазақ келіні немесе қыз болсын жат қылық. Бұл ісіңізді ұят тірлік деп санаймын”, “Өз елдерінде осылай жүретін болар, бірақ ол өзге елде де осылай тайраңдап жүру керек деген сөз емес”, – деп сынады желідегілер.