ЭКСПО: Астаналық таксиші бір күніде 30 мың теңге тапқан
Астаналық таксишілерге биылғы жаз өте табысты болған. ЭКСПО-2017 қонақтары олардың жұмысының жандануына, табысының артуына айтарлықтай ықпал еткен сыңайлы.
Астана әкімдігінің сайтында Асқар Накишев өзінің биылғы табысы жылдағымен салыстырғанда еселеп өскенін айтқан. Оның сөзінше бір күнгі табысы 30 мың теңгеге дейін жеткен.
«Өткен жылғы жазда такси қызметін пайдаланушылар айтарлықтай бұдан аз болды. Қазір мен 16 сағат жұмыс істеп 30 мың теңге таба аламын. Бұл бір күнде ең көп тапқан табысым»,-дейді Накишев.
« Ағылшын тілді қонақтармен сөйлесуге Friendly Taxi сервисі көмектеседі»,-дейді ол.
Маусым айының басында –ақ Венгрия азаматын әуежайдан қонақ үйге дейін 40 мың теңгеге жеткізген таксишінің қылығы жұртты шошытқан еді. Алданған азамат таксишінің үстінен арыз жазып, ол жауапқа тартылған еді.
Кейіннен әкімдіктегілер таксишінің табылғанын, жасаған ісіне өкініп, қонақтың ақшасын қайтарып бергенін хабарлаған еді. Ол өз әрекетіне өкінгендіктен жауапқа тартылмапты.
Оқи отырыңыз:
Ақтауда үш адам теңізге батып кетті
Ақтау тұрғыны жүгіруге шыққан жас қызды зорлап кеткен
Алматы облысында үш жасар бала терезеден құлап мерт болды
Алматыдағы ұшақ апатында қаза болған курсант танымал ұшқыштың немересі болып шықты