Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Қазақстан павильоны несімен таңғалдырады

Қазақстанның ұлттық павильоны энергетика саласындағы 28 жобаны ұсынады – олардың ең ірісі магниттік катушкасы бар тороидальді камера.

Image00060

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі жаңғырмалы энергия көздері жөніндегі департамент директоры Айнұр Соспанова айтып берді, деп хабарлайды sputnik.

“Келушілерге қызықты болады деп үміттенеміз, макеттер де, ұсынылатын мультимедиа-контент те интерактивті болады. Бұл ғалымдар мен инженерлерге ғана емес, қарапайым келушілерге де қызықты. Бұдан бөлек, Қазақстанның интерактивті картасына өңірлер бойынша жүзеге асырылып жатқан инвестициялық, ақпараттық жобаларды орналастырамыз. Карта техникалық шешімдерімен де ерекше көзге түседі”, — деді Айнүр Соспанова.

Қазақстандықтар үшін елімізде жасыл экономика саласында атқарылып жатқан жобалар өте қызық болары сөзсіз. Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі 10 маусымда басталады. Қазіргі уақытта, ұйымдастырушылардың дерегі бойынша, нысандардың дайындығы 98%-ға жетті. Қонақ үй мен Конгресс-холл бойынша жұмыстар аяқталайын деп қалды.

Тағы да оқыңыз:

Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ЭКСПО күзет басшысының әйелі үндеу жолдады (видео)

Жүрсін Ерман: Той бизнес заманында күн көру үшін айтыскерлер де ән айтсын

Қостанайда қару кезенген ұры жанармай бекетін тонап кетті (видео)

Талқылау