ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде еріктілердің үш жұбы отау құрған
Астанада ЭКСПО-2017 еріктілері марапатталып, 100-ден астам белсендіге марапаттар табыс етілді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Еріктілер мына категориялар бойынша марапатталды: ТОП-5, “алтын еріктілер”, тим-лидерлер, ең белсенділер, улес (бағалау) жүйесі бойынша үздіктер.
ТОП-5 қатарына кіргендер: Әлия Дәуренбекова, “Алтын ерікті” – Бәтима Құсайынова, Италиядан келген шетелдік ерікті – Матия Демарки, Диас Талғатұлы. Олар Ұлттық компанияның басысы Ахметжан Есімов пен білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің қолынан сертифкат пен естелік сыйлықтар алды.
«Астана «ЭКСПО-2017» ҰҚ АҚ басшысы Ахметжан Есімов өз сөзінде барлық еріктілердің жұмысты жоғарғы деңгейде атқарып шыққанын айтты.
“Еріктілердің жұмысы көрменің сәтті өтуі мен көрме жұмысының функционалдық бағытының лайықты жүзеге асуына септігін тигізген маңызды фактор болды. ЭКСПО-2017 аясында 8,5 мың адам оқытылып, олардың 5,5 мыңы көрме аумағында тікелей қызмет етуге мүмкіндік алды. Астана қаласынан 2500-ден астам ерікті, Алматыдан 900, басқа өңірлерден 1600 ерікті болды. Сонымен қатар, Ресей, Қытай, АҚШ, Бельгия, Италия, Польша, Моңғолия, Қырғызстан және басқа да мемлекеттерден келген шетелдік еріктілер де өз үлестерін қосты. Еріктілердің ең кішісі 19-да болса, ең үлкені 70 жаста. Көрме жұмысы кезінде еріктілер арасынан 3 жұп отбасы шықты”, – деді Есімов.
Еріктілерді марапаттау рәсімінде қазақ эстрада жұлдыздары да өнер көрсетті. Еске салсақ, Қазақстанның 16 аймағы мен әлемнің 35 елінен келген еріктілер көрме кезінде 16 бағыт, 3 ауысым, 8 сағат көлемінде жұмыс істеп, ерекше атмосфера қалыптастырды.
Оқи отырыңыз:
Әблязовтің сыбайласы деп айыпталған Жанболат Мамай сотта соңғы сөзін айтты
Алматы облысында әкім орынбасарынан таяқ жеген кәсіпкер күтпеген жерден күдіктіге айналды
Көкшетауда қоқыс арасында ұйықтап жүрген 2 баланың тағы 2 бауыры бар болып шықты
Түрмеде зорланған Наталья Слекишина үш миллион теңгеге ие болды