Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Эксперимент: Күйеуім бар деп алдаған қыз балгердің өтірігін әшкере қылды (фото)

Бал ашатын, жол ашатындар көбейіп кетті осы күні. Бір білгендері бар ау деп, өмірден қиындық көрген жандар кейде солардың көріпкелдігіне бас иіп, барын беріп жатады. Айтқандары кеп жатса игі ғой, бармақ тістеген талай жанды көрдік. Сонымен бақсы-балгер атаулы кәсібінің қыр-сыры неде, сенуге бола ма?

Жалпы кез-келген бақсы-балгерлерден бойындағы қасиет туралы сұрасаң, «Көктен берілген сый»,- дейді. Алайда, бұл қаншалықты рас? Мұны анықтау үшін көріпкелдің рөлін сомдап көрейік, деп хабарлайды Евразия бірінші арнасы.

Бал ашамын, жол ашамын… Эксперимент басталды”. Нәтиже көп күттірмеді. “Қызым, қызым кел бері..Бал ашамын”. Бойжеткен «Тұрмысқа шыққым келеді, күткенім қашан келеді»,- деді.

Мен де тосылмадым. Көз бар Әсем сенде көз бар. Көз тиген. Көз тимесе сөз тиген»,- дедім.

-Жолымды аша аласыз ба?

-Ашамын!Бірақ ол деген ақша болады.

Қысқасы бұрымдының бұл мұңын 5 мың теңге дедім. Иланды, имандай сенді. Тұзың жеңіл адамсың. Тұзың жеңіл деймін..Өмірі проблемаға ұшырайсың. Дұрыс па?

Мына жігіт жұмыс таппай қиналып жүр. Қас-қабағына қарап, қырсық мінезің бар дедім. Кішкене мына саған бір шешім қабылдарда ойлап үйрену керек. Сеніңкіремеді. Мені балгерден гөрі психологқа ұқсатты. Негізі, Серіктес, мен балшы емеспін.

-Білем, психологсіз.

Эксперимент көрсеткендей балгер болу екінің бірінің қолынан келеді. Әрі ол үшін, ешқандай қадір-қасиеттің қажеті жоқ! Беттің арын, белге байлап алсаң бітті. Өйткені, біз сынаған 7 азаматтың, бесеуі әлгі Қиясбайдың әңгімесіндей қияли һәм қисынсыз долбарымызға шүбәсіз сенді. Таңқалдырғаны да осы. Көшедегі құмалақшының сөзіне халық неге сенеді?

“Барған адам өзінің естігі келген нәрсесін естуі үшін барады. Шыныменде өзі іштен ойлап жүрген ойын растап берсін дейді.Соған сеніп иланып, қыр аяғы қиындыққа ұрынып қалады. Мен сіздің қалағаныңызды орындаймын деп, ешқандай маман айтпайды басқа”, – дейді психолог Жаңагүл Қайырова.

Қиындыққа төзбей қит етсе, бақсы-балгер жағалаудың негізгі себебі өте көп. Көріпкелдердің алар ақысы психологтарға қарағанда анағұрлым арзан. Бар-жоғы 1000 теңгеге құмалағын шашып, жолыңызды ашып жібереді. Тіпті қашықтыққа да қарамайды”.

“Мен сізге жазылайын деп едім!Сіз қай қаладансыз?

-Астана.

-Ааа, мен Алматыдамын ғой! Бірақ по телефону ашам жолды!Қалай? Оплата ше?

-3000 единица салып жібер”.

Енді бірі көгілдір экранның арғы бетінде отырып-ақ, бал ашса. Құдды шамандар ұқсап емдейтіндері де бар. Халық арасында «Қыз әулие» атанып кеткен бұл кейуананы, әсіресе оңтүстік жұрты жақсы таниды. Бақсы перзентке зар болғандарға құрсақ көтертіп, тұрмысқа шықпай жүрген қыздардың бағын ашады-мыс. Тек ол үшін бұрымдылар емшінің үйіндетәтті-дәмдісін пісіріп, мүмкіндік болса қазан көтерулері тиіс. Әрі мұның бәрін қазақша көйлек киіп істейді.

“Қыздары өздері әкеп тастап кетеді. Сосын сол размерлерді кигізем.Қасиет дарысын деп кигізем. Ертеңгңсң күні бұдан әдемісін ки дейім”. Ия! Көңілге сенім ұялататын мынадай сөздерден кейін бақсылардың бойында расымен де тылсым күш бар ма дерсің?”, – дейді емші Ұлтуар.

“Сонымен бақсы-балгерге қаншалықты сенуге болады? Мұны анықтау үшін шағын эксперимент өткіземіз. Мен тұрмыс құрмағанмын. Ал, мына суреттегі жігіт жай ғана менің
әріптесім. Бірақ, құмалақшы апайға бұл кісі менің жолдасым деп айтамын.

-Неше теңге?

-1000 теңге балам..

Қызметінің құнын сұрап, апамның алдына жайғастым. Жолдасыммен қарым –қатынасым нашар деп соқтым. Жауабын естім жағамды ұстадым.

-Сендерге сразу айтамын балам.Порча бар.

Күлейін бе? Жылайын ба? Барып тұрған алаяқтық! Амал қанша? Рөлімді соңына
дейін сомдау қажет. Мәселені шешуін сұрадым.

-Давай жолды ашып, оқып берейін?

-Ол қанша?

-Бір қойдың ақысы.

Бұл бүгінгінің де бұрынғының да балгерлері емес, нағыз шорлатандықтың
өзі.

“Құран кәрімде ғайыпты білу тек Алла пайғамбарларға да ғайыпты білуге рұқсат
бермеген. Бақсы-балгерге бару, сену шариғат заңдарына қарсы”, – дейді имам Берікбол Жанақов.

Десе де, арамызда айыбын білмей, ғайыбын іздеп, мәселесін шешіп, келешегін көрмекке.

Тағы да оқыңыз:

Балгер 3 жасар қыздың ішіне 7 инені сұғып жіберген (фото)

Неліктен балгерлердің болжамы кейде рас болып шығады

Дуалаудың сиқырдан айырмасы: Магияның ақ-қарасы бола ма

Талқылау