Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экс-министр Бишімбаевқа сот үкімі шықты

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев сот үкімі шықты. Қуандық Бишімбаев сотта сөйлеген соңғы сөзінде пара алмағанын, қылмыстық схема құрмағанын айтып, Елбасыдан сенімін ақтай алмағаны үшін кешірім сұраған болатын.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Экс-министр Қуандық Бишімбаев сот үкімімен айыпты деп танылып, 10 жылға сотталды

«Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ бұрынғы басқарма төрағасы болған Бақыт Жақсыбаев 4 жылға, ал оның орынбасары болған Аслан Жақыпов 2,5 жылға сотталды.

Сот үкімін судья Әділхан Шайхисламов оқыды.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Қуандық Бишімбаевты 12 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеп, мемлекеттік марапаттарынан айыруды сұраған еді.

Бишімбаевқа бірнеше мәрте ірі көлемде пара алды деген айып тағылды. Айыптау нұсқасына сәйкес, немере бауыры Сұлтан Нұрлыбек Қызылордадағы Бишімбаев жетекшілік еткен шыны зауытын салу кезінде 2 миллион доллар пара беру кезінде делдал болған.

Қуандық Бишімбаев сотта сөйлеген соңғы сөзінде пара алмағанын, қылмыстық схема құрмағанын айтып, Елбасыдан сенімін ақтай алмағаны үшін кешірім сұраған болатын.

Мемлекеттік қызметте жетекшілік ету құқығынан өмір бойына айырылды.

Тағы оқыңыз:

Жылама, айналайын: ШҚО әкімі су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсетті (видео)

Аудандық білім бөлімінің басшысы: 7 жасар бала шынымен зорланған болса, мен қызметімнен кетем

Астанада автобус есігін ашып жүрген жүргізушісі жұмысынан қуылды

 

Талқылау