Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экономист: Пәтерді ипотекаға алғаннан жалға алған тиімді

Баспананы жалға алу, ипотекадан арзанға түседі, деп мәлімдеді “Тренды” конференциясында экономист Ғалим Хусайынов.

30037-6-ceny_v_rk_na_novoe_i_v_ru

Спикердің айтуынша, банкте депозит бойынша кіріс пайызы жоғары. Сондықтан пәтерді сатып алу тиімсіз. Екінші жағынан, баспананы несиеге алу оғай жол, емес деп жазады Крыша.

“Тұрғын үй жинақ банкі мен ипотека компаниясының бағдарламасын есептемегенде, банктегі орташа бәс бағасы 16 пайызды құрайды. Оның орнына Алматыдағы люкс үйлерді жалға алуға болады. Сіздің әрі қарай да тамағыңыз бен жолыңызға ақшаңыз жететін болады”, – дейді ол.

Экономистің айтуынша, жалға алу нарығында қазіргі уақытта ұсыныстар көп. Төмен бағамен береді.

“Қазақстанның ипотека компаниясы мен Тұрғын үй жинақ банкінде тиімді бағдарламалар бар. Бірақ, Тұрғын үй жинақ банкінде салымшы тұрғын үйдің 50 пайызын жинаған болса да, пайыз мөлшері бүкіл несие сомасымен есептеледі. Адамдарға ипотека 5-7 пайызбен деп айтқанымен, шындығында 12-13 пайызбен береді. Экономикалық тұрғыда бұл тиімсіз”, – дейді экономист.

Тағы да оқыңыз:

Астана тұрғындары аспаннан “үлкен көзді” байқап қалды

Қазақстандық азамат Мақсат Үсеновтің ұшақтағы тәртіпсіздік әрекеттерін айтып берді (видео)

Журналист Сәуле Әбединова өзіне қарсы уәж айтқан Меруерт Өтекешованың сынына жауап берді

Талқылау