ҰБТ-ның 2026 жылға арналған шекті балдары белгілі болды

Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) 2026 жылға арналған шекті балдары белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеді.
ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті және 2 бейіндік пән):
- Математикалық сауаттылық – 10 тапсырма, шекті балл – 3;
- Оқу сауатталығы – 10 тапсырма, шекті балл – 3;
- Қазақстан тарихы – 20 тапсырма, шекті балл – 5;
- 1 бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5;
- 2 бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5.
Қазақстанда бір мамандық бойынша ҰБТ-ның шекті балын көтеру ұсынылды
Еске салсақ, 2025 жылдың қыркүйегінде ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек алдағы жылдары ҰБТ-ның түбегейлі өзгеріске ұшырайтынын мәлімдеген еді. Министр жаңа ҰБТ үшін әлемдік ETS компаниясының үздік мамандары тартылып, тестілеудің әдістемесі мен мазмұны өзгертілетінін мәлімдеді. Министр өзгерістердің кезең-кезеңімен енгізілетінін атап өтті.
2026 жылы ҰБТ-да ешқандай өзгеріс болмайды, ескі формат бойынша өткізіледі.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты