Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

ҰБТ нәтижесі бойынша жоғары оқу орындарына грант жеңіп алған түлектердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

грант

Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің мәліметіне сәйкес биыл әлеуметтік осал топтағы балаларға арналған грант саны көбейген. Яғни көп балалы және толық емес отбасыдан шыққан балаларда грант иегері атану мүмкіндігі ұлғайған. 

Сонымен қатар ауыл жастары мен еліміздің азаматығын алмаған қазақ ұлтының өкілдеріне квота қарастырылған. 

2022 жылы білім гранты байқауына қатысу үшін 80 мыңға жуық өтініш келіп түскен. 

Талқылау