Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Яндекс.Такси” қызметіне қатысты жүріп жатқан істің бірі тоқтатылды

“Яндекс.Такси” компаниясының қызметіне қатысты бір айыптау ісі тоқтатылып, екіншісі сотта қаралып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

яндекс такси

"Бүгінде Яндекс.Такси қызметіне қатысты тергеу жүріп жатыр. Екі тергеу ісі басталған еді, оның біреуі тоқтатылды. Сонымен қатар тергеу аясында сот процесі қатар жүріп жатыр. Бірінші тергеу шарасы компанияның қызметін асыра пайдалануына байланысты, яғни клиенттерге қызметті жөн-жосықсыз ұсыну.

Екінші тергеу амалы бағаны қолдан көтеру фактісі бойынша жүріп жатыр. Алғашқы факт бойынша тергеу шарасы тоқтатылды. Ал, бағаны көтеру бойынша сот процесі жалғасып жатыр",– деді ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов. 

Еске салайық, бұған дейін ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов такси қызметінің 17-20 пайыз көлемінде комиссия алатынын және жаңбырда, қарда немесе мереке күндері сұраныстың артқанын ескере отырып, қызмет құнын арттыратынын хабарлаған еді.

Талқылау