Яндекс Go сервис қолданушыларына қауіпсіз көлік жүргізуге көмектеседі
Яндекс Go такси жүргізушілерінің көлікті айдау дағдысын бақылайтын жүйені іске қосты. Енді бұл жүйе сервис қолданушыларының қауіпсіз көлік жүргізуіне жәрдемдеседі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұдан былай жүргізушінің ұялы телефонына орналасқан такси қосымшасы акселерометрдің көрсеткіштерін бақылайтын болады. Деректер бағдарлама орнатылған смартфонға немесе планшетке жиналып отырады. Акселерометр дегеніміз – бұл объектінің үдеуін өлшеуге көмектесетін құрал. Жүйе барлық қауіп төндіретін іс-әрекеттерді тіркеп отырады. Яғни, көлікті күрт айдау, аяқ-асты тежеу, бірнеше рет жолақтарды кесіп өту, ара қашықтықты сақтамау деген секілді.
Егер жоғарыда атап өткен қауіпті қимылдар үнемі тіркеліп отырса, бұл қызмет көрсету стандартының бұзылғаны болып есептеледі. Мұндай кезде такси жүргізушісіне ескерту үшін хабарлама келеді. Егер тыйым салынған жағдайлар үнемі қайталанатын болса, алгоритм жүргізуші қызметіне уақытша шектеу қоя алады. Сондай-ақ такси жүргізушісі ережелерді жиі бұзып, түзелгісі келмесе – сервиске кіру біржола мүмкін болмайды.
Жүйе агрессивті жүргізу тәсілі мен тұрмыстық жағдайларды бір-бірінен ажырата алады. Мысалы, жүргізуші такси қосымшасы орнатылған құрылғыны қолына алып жүретін болса, ол жердегі қозғалыс жүйе жол ережесін бұзу болып есептелмейді.
Бұған дейін Яндекс Go Қазақстанда өзінің басқа қауіпсіздік технологиясын іске қосты. Ол бойынша сервис тапсырыстарын орындайтын автомобильдердің жылдамдығын мониторингтеуге болады.
Сондай-ақ сервис елімізде бірінші болып жолаушылар мен жүргізушілердің өмірі мен денсаулығын қосымша сақтандыруды енгізіп отыр. Жол жүру үшін көлікте отырған әрбір адам 4 миллион теңгеге дейінгі сомаға сақтандырылады. Сақтандыру бағдарлама арқылы тапсырыс берген барлық адамға автоматты түрде қолданылады.

Биыл қай салаға қанша грант бөлінді: Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар аталды
