Яна Легкодимованың өлімі: Өмір бойына сотталғандар сот үкіміне шағым түсірмек

Яна Легкодимованың өліміне қатысты сотталған Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимовтың адвокаттары мен қорғаушылары апелляциялық шағым түсірмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Атырау облыстық сотының мәліметінше, бүгінде қылмыстық іс апелляциялық инстанцияға, яғни облыстық сотқа жетпеген. Сотталғандардың адвокаттары мен қорғаушылары апелляциялық шағым түсіріп жатыр.
Іс материалдары апелляциялық сотқа берілгеннен кейін, апелляциялық алқабилер құқықтық тәртіппен қорғау тарапының дәлелдерін қарастырады.
Еске салсақ, 2024 жылдың қазан айында жоғалып кеткен Яна Легкодимованың мәйіті биыл маусымда Атырау облысынан табылған еді. 2024 жылдың 18 қазанында бойжеткен танысының қоңырауынан кейін үйінен шыққан. Аз уақытта ораламын деп ойлаған ол күртешесін де алмаған көрінеді. Бірақ сол күйі үйіне оралмаған. Ол өмірінің соңғы сәттерінде танысының көлігінде болған. Қылмыстық істі қозғауға Янаның күнделігі себеп болған. Марқұм күнделігінде "Р" деген біреуді атап өткен.
- Яна Легкодимованың қатыгездікпен өлтірілген сәтінің видеосы жарияланды (видео)
- "Қызым 23 жасына дейін пәк болды": Яна Легкодимованың анасы күдіктілерді өмір бойына соттауды сұрады
17 қарашада сот Янаны өлтірді деп айыпталған 24 жастағы Ризуан Хайржанов пен 25 жастағы Алтынбек Катимовты аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін өмір бойы бас бостандығынан айырды.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты