Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Yahoo жүйесіне кибершабуыл жасады деп айыпталған Қазақстан тумасы өз кінәсін мойындауға әзір

АҚШ-та амреикалық Yahoo  компаниясының жүейсіне кибершабуыл жасады деп айыпталған Канада азаматы Кәрім Баратов келесі аптада өз кінәсін мойындамақ.

Бұл туралы Reuters агеттігі хабарлады.

Агенттік мәліметі бойынша, 22 жастағы Қазақстан тумасы Баратов тергеушілермен келісімге келіп, келесі аптаның сейсенбі күні Сан-Францискода (Калифорния штаты) өтетін сот отырысы кезінде кінәсін мойындауға әзір.

Баратов 2007 жылы Қазақстаннан Канадаға көшіп барған. 4 жылдан кейін осы елдің азаматтығын алыпты. Биылғы жылдың наурыз айында Анкастереде (Онтарио провинциясы) тұтқындалған. Сол күні АҚШ билігі 2014 жылы Yahoo жүйесіне жасалған кибершабуыл үшін Баратов және ресейлік үш азаматты айыптаған екен.

Аталған іс бойынша, тек Баратов тұтқынға алынған. АҚШ пікірі бойынша, Баратов және басқа да айыпталушылар Yahoo жүйесіндегі «кем дегенде 500 миллионнан астам пайдаланушының есептік жазбасын» бұзып, барлау және коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа қол жеткізіпті. Тамыз айында канадалық азаматты АҚШ-қа экстрадицияланған. Бастапқыда ол сот отырысында өз кінәсін мойындамаған-ды.

Оқи отырыңыз:

Ташкентте көз жұмған үш қыздың өлімі: Дәріхана сатушысы дәрігердің жазуын түсінбей, басқа дәрі беріп жіберген

200-ден астам құрбан: Мысырдағы мешітте болған жарылыстың видеосы пайда болды (видео)

Атышулы “Қалаулым” шоуының қатысушылары тікелей эфирде отбасын құрды (видео)

Нұрлан Өнербаев көгілдір экраннан көрінбей кетуінің себебін түсіндірді

Талқылау