Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

WhatsApp-та жаңа қызмет түрі пайда болады

Танымал WhatsApp мессенджері мұрағат файлдарымен жұмыс істеуге арналған құралдарды қосады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ватсап

WABetaInfo порталының хабарлауынша, қосымшаны пайдаланушылар жүктелген файлдар мен құжаттар қанша жады алатынын біле алады. Сондай-ақ, пайдаланушылар чаттардың көлемін көре алады. Жаңа функция әзірлену үстінде және пайдаланушыларға қолжетімді емес. Жаңа қызметтің іске қосылатын күні әлі белгісіз.

Әзірлеушілер WhatsApp-қа жіберілген хабарламалардың түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік беретін функция қосқаны белгілі болды. Сонымен қатар, пайдаланушыларға бір уақытта төрт құрылғыда бір есептік жазбаны пайдалану мүмкіндігі беріледі.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 26 Тамыз, 2020 21:13
Талқылау