Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

WhatsApp пен Telegram орнына: қазақстандық мессенджер туралы не белгілі

Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Абылайхан Оспанов елімізде бүкіл әлемге танымал WhatsApp және Telegram мессенджерлерімен бәсекелесу үшін, ішкі жүйе құрылатынын мәлімдеді.

WhatsApp пен Telegram-ның орнына: қазақстандық мессенджер туралы не белгілі

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды. 

Үкімет кулуарында журналистер вице-министр Абылайхан Оспановтан министрлікте қытайлық WeChat тәрізді жабық интернет жүйе құрумен айналысып жатқан-жатпағанын сұрады. 

Өз кезегінде цифрлық даму министрінің орынбасары мемлекеттің мұндай жүйені құрумен айналыспайтынын айтты. Алайда мұндай жобалармен жұмыс істегісі келетін жекеменшік компаниялар бар, дейді. 

«Мемлекет өзіндік WeChat интернет жүйесін құрмайды. Алайда WhatsApp, Telegram мессенджерлерімен күресу үшін, ішкі жүйені құрумен айналысып жатқан бірнеше компаниямен кездестім. Мұндай жүйенің пайда болатынын айта аламыз. Алайда ол жекеменшік ойыншы болады», - дейді Оспанов. 

Сонымен қатар вице-министр аталған жобаны мемлекет қаржыландырмайтынын атап өтті.

Tengrinews.kz порталының мәліметінше, министрдің орынбасары қазақстандық қосымша пайда болған күннің өзінде, ел тұрғындарының оны қолдануға мәжбүрленбейтінін айтты.

«Естеріңізде болар, бұрын адамдар «Одноклассники», артынша «ВКонтакте» желілерін пайдаланып, кейін Facebook-ке көшті. Мұнда да дәл солай. Егер қазақстандық жекеменшік жақсы қосымша пайда болса, барлығымыз соған ауысамыз деп ойлаймын. Ал қолдануға мәжбүрлеу деген болмайды», - дейді вице-министр.

Қытайлық WeChat 2011 жылы қытайлық мамандармен құрылған. Бұл ұялы коммцникациялық жүйе мемлекет ішінде мәтіндік және дыбыстық хабарламалар жолдауға арналған. 

Талқылау