Ресейлік азамат Қазақстанның ең ірі банктерінің бірінде төраға орынбасары болып тағайындалды

Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары қызметіне Ресей азаматы Михаил Хасин тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, Михаил Хасин Halyk Bank акционерлік қоғамында ақпараттық технологиялар бағытына жетекшілік етеді.
Halyk Bank – Қазақстандағы жүйелік маңызды әмбебап коммерциялық банк. Ол актив көлемі бойынша ТМД елдеріндегі ең ірі жекеменшік қаржы топтарының бірі саналатын Halyk Group қаржы тобының құрамына кіреді. Топ банк, сақтандыру, брокерлік және лизингтік қызметтермен айналысады.
Ұлттық банк басшысы қазақстандықтарға биыл несие мен ипотека рәсімдемеуге кеңес берді
Қазақстандағы дүкендерде кез келген банктен төлем қабылдайтын біртұтас QR-терминалдар пайда болады
Ал Михаил Хасин 1998 жылдан бері банк жүйесінде еңбек етіп келеді. Сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласында мол тәжірибеге ие. Бұған дейін ол ВТБ банкінің ақпараттық технологиялар департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған. Сондай-ақ “Сбербанк” құрылымында аға басқарушы директор, “Сбербанк-Технологии” акционерлік қоғамының бас директорының орынбасары әрі басқарма мүшесі болған.
Михаил Хасин 1975 жылы Донецк қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Мәскеу физика-математика институтын “Қолданбалы математика және физика” мамандығы бойынша тәмамдаған. 2001 жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған. Ал 2007 жылы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітіріп, MBA іскерлік басқару магистрі дәрежесіне ие болған.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда Отбасы банктен басқа да банктерге жеңілдетілген ипотека беру құқығы берілгені туралы жазған едік.
Сарапшылар авиаотын бағасы түскенде әуе билеттері арзандайтынына күмән келтірді