Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ВТБ (Қазақстан) жылдық мөлшерлемесі 17,8%-дық салымды іске қосты

ВТБ (Қазақстан) депозиттік желіні "Табысты Плюс" салымымен толықтырды. Капиталдандырылған жаңа өнім бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 17,8%-ға жетеді. Депозитті банктің кез келген бөлімшесінде ашуға болады.

"Табысты Плюс" салымының ең төменгі сомасы – 100 мың теңгені құрайды. Депозитті кез келген уақытта толтыруға болады. Ішінара алып қою қарастырылмаған. Орналастыру мерзімі – 3 айдан 36 айға дейін. Салым автоматты түрде шексіз рет жаңартылады.

"Біз банктің ең көп сұранысқа ие депозиттерінің ең жақсы талаптарын: жоғары мөлшерлемені және қосымша жарналар мүмкіндігін біріктіретін өнімге клиенттік сұранысты көрдік. Сонымен қатар, "Табысты плюс" үш жылға дейін ашылуы мүмкін және нарықтағы мөлшерлемелердің өзгеруінен қорықпай, жоғары кірісті алуға болады. Жаңа депозиттің пайда болуымен біз "Табысты" және "Табысты Плюс" салымдарының үлесі банктің депозиттік портфелінің жартысынан астамын алады деп есептейміз", – деп түсіндірді Қазақстандағы ВТБ Банкінің бөлшек бизнес департаментінің директоры Мария Блбулян.

ВТБ (Қазақстан) банкінің салымдарына орналастырылған қаражат "Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорымен" сақтандырылған. Кепілдік мөлшері – 20 млн теңгеге дейін.

Тегін кеңес беру нөмірі – 5050.

ҚР ҚНРДА 03.02.2020 ж. № 1.2.14/39 лицензиясы

Талқылау