Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"ВОСТОКТЕЛЕКОМ" алыс аймақтардағы елді мекендерге радиожиілік таратуды жалғастырады

"ВОСТОКТЕЛЕКОМ" алыс аймақтардағы елді мекендерге радиожиілік таратуды жалғастырады. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "ВОСТОКТЕЛЕКОМ" ЖШС желісінен жиіліктерді алу бойынша сот ісі аяқталды. Шешім бойынша министрлік әрекеті заңсыз деп танылып, компания  құқығы қорғалды. 

"ВОСТОКТЕЛЕКОМ" ЖШС ұялы байланыс операторы болып табылмайды. Соған орай компанияның операторлық қызметтерді көрсетуге лицензиясы мен құқығы жоқ. Компания түсіндіргендей алынған жиіліктер елді мекендердегі коммуникацияны жақсарту үшін пайдаланылады.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жақында "ВОСТОКТЕЛЕКОМ" ЖШС-ке халыққа байланыс қызметтерін көрсету кезінде ұялы байланыс операторы міндеттемелерін толық орындамады деп сын таққан болатын. Компанияның айтуынша осындай деректі алға тартып министрлік жиіліктерді кері алуға ниеттенген. 

Осыдан кейін мемлекет тарапынан компанияға тексерістер көбейіп, түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар, айыптар мен хаттамалар бірнеше рет толтырылды. Одан бөлек, компания ұсынған FWA технологиясы өлшеу әдістері жоқ, әзірленбеген деген сындармен мақұлданбаған.

Мұндай айыптаулардан соң "ВОСТОКТЕЛЕКОМ" өз құқығын сотта қорғауға шешім қабылдады. 

Ақмола облысы Бурабай аудандық сотының 21 шілдеде шыққан шешімі бойынша "ВОСТОКТЕЛЕКОМ" ЖШС оператор ретінде танылмайтындықтан жиіліктермен компания ретінде айналыса алатыны белгілі болды. Яғни компанияға тағылған айыптаулар орынсыз деп танылды.

“ӘҚБтК-нің 741-бабы 1-бөлігінің 2-тармақшасына сәйкес, әкімшілік құқықбұзушылық құрамы болмаған. Сәйкесінше сот ӘҚБтК-нің 637-бабының 9-бөлігі бойынша "ВОСТОКТЕЛЕКОМ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты істі тоқтату қажет деп санайды”, – делінген сот шешімінде. 

"ВОСТОКТЕЛЕКОМ" ЖШС бірнеше жылдан бері ауылдық елді мекендерді коммуникациямен қамтамасыз етумен айналысады. Негізгі қызмет түрі - радиоға қол жеткізу желілерін кешенді техникалық қамтамасыз ету. Компания түсіндіргендей бұл үшін мемлекет оларға 800 МГц радиожиіліктер берген. Сол арқылы компания сигналды жақсы қабылдауға арналған сыртқы антенналары бар үлкен стационарлық маршрутизатор FWA (fixed wireless access) технологиясының қызметтерін іске қосқан.