Волонтерлер зейнеткерлер мен ардагерлерге азық-түлік жиынтығын жеткізді
SK Volunteer Еріктілер лигасы жалғыз тұратын зейнеткерлерге, ерекше қажеттіліктері бар қарт адамдарға, тыл және ҰОС ардагерлеріне азық-түлік себеттерін жеткізді. Жалпы алғанда, белсенділер 50 қарт адамға гуманитарлық көмек көрсетті.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың мамыр және шілде айларында «Жеңіс» жобасы аясында еріктілер Қазақстанның 35 қаласынан келген 600-ден астам Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсетті. Жалпы, жыл соңына дейін республика бойынша 1500-ден астам қарт адамдарға әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсету жоспарланып отыр.
"Ата-әжелер үшін сыйлықтар мен заттар маңызды емес, бірақ оларға көңіл бөлу мен қамқорлық қажет. Осындай іс-шаралардың арқасында волонтерлер өз тәжірибелерін қабылдай отырып, егде жастағы адамдармен байланысады. Мұндай қарым-қатынас жастарды да, ересектерді де шабыттандырады", - әлеуметтік өзара әрекеттесу және коммуникация орталығының жоба менеджері Абдиева Ажар.
Естеріңізге сала кетейік, SK Volunteer Волонтерлер лигасы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының бей-жай қарамайтын қызметкерлері мен ел азаматтарын біріктіреді. Volunteer.sknews.kz сайты арқылы өтініш бере отырып, кез келген қазақстандық волонтер бола алады.
Қор тобындағы волонтерлік төрт негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: Qamqor көмекке мұқтаж адамдарға қамқорлық жасауды, Umit – қоғамдық волонтерлікті, Asylmura – Қазақстан тарихын сақтауға жәрдемдесуді, Taza Kazakhstan – табиғатты сақтауға үлес қосуды көздейді.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
