Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Владимир Зеленский Киевтен видео жариялады

Украина президенті Владимир Зеленский мемлекет басшыларымен бірге Киев орталығынан видео жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видеода Зеленскийдің жанында "Халық қызметшісі" фракциясының басшысы Дэвид Арахамия, президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермак, премьер-министр Денис Шмыгаль және президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк болды.

Украина президентінің сөзінше, әскерилер және азаматтар Киевте қалады.

"Біз осындамыз. Біз Киевтеміз. Біз Украинаны қорғаймыз", – деді Зеленский видеода.

 

Гүлдана Қазтай
Сенбі, 26 Ақпан, 2022 07:32
Талқылау